Текст
09.03.2023
Мейрамыңыз құтты болсын, анашым,
Әр көктемде ақ тілекпен тербеткен.
Құтты болсын шаттығына бөлейтін,
Сегізінші наурызыңыз кеп жеткен.
Көңіліңіз жайма шуақ гүлденсін,
Ғұмырыңыз жан анашым ұзақ боп.
Бұл мереке бақ-береке әкелсін,
Қиындықтар сізден алыс, жырақ боп.
Амандықта ортамызда жүріңіз,
Сәтті болып анашым әр күніңіз.
Мерекеде жан анашым бар сізге,
Ұсынатын шын жүректен гүліміз.