"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурызнама аясында: «Көбелек» тобында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналған сәнді дефиле өтті

18.03.2026

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Көбелек» ортаңғы тобында ата-аналар мен балалардың қатысуымен «Қазақтың ұлттық киімдері» атты сәнді дефиле ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қазақ халқының ұлттық киімдері туралы түсінік беру, олардың ерекшеліктерін таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Дефиле барысында кішкентай бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, сахна төрінде ерекше сән-салтанатпен жүріп өтті. Қыз балалар камзол, сәукеле, үкілі тақия сияқты әшекейлі киімдерді таныстырса, ұл балалар шапан, тақия секілді ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі туралы қысқаша мәліметтер беріліп, көрермендерге ұлттық мұраның байлығы насихатталды.

Іс-шара барысында ата-аналардың белсенді қатысуы ерекше байқалды. Олар балаларымен бірге дайындалып, ұлттық киімдерді таңдауға, сәндеуге өз үлестерін қосты. Бұл – отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, бірлескен жұмыстың маңыздылығын көрсетті.

Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рух, мәдениетке деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі қалыптасатыны сөзсіз.

Просмотров: 630


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст