Текст
22.03.2026
Балалар мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Тәрбиеленушілер ән айтып, өлеңдер оқып, ұлттық билер билеп, түрлі қызықты ойындар мен сайыстарға қатысты. Мереке шаттыққа, қуанышқа толы өтті.
Іс-шара барысында балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. Наурыз мерекесінің маңызы, ұлттық ойындар мен дәстүрлі тағамдар туралы мағлұмат алды. Мереке әсерлі әрі танымдық болды.
Іс-шараны топ тәрбиешісі Камалова Амина Ханифовна және музыка жетекшісі Искакова Альбина Тальгатовна ұйымдастырып өткізді. Олардың шығармашылық еңбегінің арқасында мереке жоғары деңгейде өтті.