"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Құлыншақ" ересек тобында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған сәнді де мазмұнды ертеңгілік өтті. Бұл мереке балаларға көктемнің шуақты көңіл-күйін сыйлап, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттауға бағытталды.

22.03.2026

"Құлыншақ" ересек тобында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған сәнді де мазмұнды ертеңгілік өтті. Бұл мереке балаларға көктемнің шуақты көңіл-күйін сыйлап, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттауға бағытталды.

Мақсаты: балалардың қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, құрмет сезімін қалыптастыру, қуаныш, достық және көктемгі жаңару атмосферасын құру.

Міндеттері:

  • балаларды Наурыз мерекесінің шығу тарихымен және маңызымен таныстыру;
  • қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • достық пен бірлік сезімдерін қалыптастыру.

Мерекелік шара барысында балалар ұлттық киімдер киіп, Наурыз мейрамы туралы тақпақтар айтып, әндер орындады. Әсем билер билеп, ұлттық ойындар ойналды. Балалар қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат алып, өз өнерлерін ортаға салды.

Ертеңгілікте "Шашу" шашылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балалар мерекелік көңіл-күймен бір-біріне жақсы тілектер айтып, достық пен бірліктің маңызын түсінді.

Мереке соңында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, Наурыздың жылулық пен мейірімге толы мереке екені тағы бір мәрте сезілді.

"Құлыншақ" тобындағы Наурыз мерекесі жарқын, әсерлі және тәрбиелік мәні зор мереке болып өтті. 🌸🌿✨

Просмотров: 456

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст