02.03.2023
“Айналайын” ересек тобы сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан.
Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі.
Алғыс айтам бәріңе!
Бүгін бірі наурыздың,
Алғыс айтам бәріңе.
Жүректегі сөзіммен,
Үлкен кіші, кәріңе.
Атар таңға мың алғыс,
Шапағатын сыйлайтын.
Батар күнге алғыс көп,
Мейрімдігін жинайтын.
Әкелерге мың алғыс,
Саналы ұрпақ өсірер.
Аналарға алғыс көп,
Қатемізді кешірер.
Балаларға мың алғыс,
Қуанышын арнайтын.
Ағайынға алғыс көп,
Жамандыққа бармайтын.