08.03.2026
"Құлыншақ" ересек тобында Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз мерекесіне арналған сәнді де әсерлі ертеңгілік өтті. Бұл жарқын мереке аналар мен әжелерге деген сүйіспеншілікке, мейірім мен жылы лебіздерге толы болды.
Мақсаты: мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, балалардың аналар мен әжелерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін және эмоционалдық сезімталдығын дамыту.
Міндеттері:
Мереке жылы лебіздермен басталды. Балалар аналарын, әжелерін шын жүректен құттықтап, әсерлі тақпақтарын айтты. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалды. Әр бала өз өнерін көрсетіп, аналарына қуаныш сыйлады.
Сонымен қатар, аналар мен балалар қатысқан қызықты ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды. Мереке ерекше көңілді әрі әсерлі өтті.
Ертеңгіліктің соңында балалар аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады. Бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жүректерге жылулық ұялатты.
"Құлыншақ" тобындағы 8 наурыз мерекесі жарқын, көңілді және есте қаларлықтай өтті. 🌸💐✨