Балалар бұл күнге үлкен дайындықпен келді. Олар аналары мен әжелеріне арнап тақпақтар жаттап, әсем әндер айтып, көңілді билер дайындады. Кішкентай бүлдіршіндер мерекеде өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады. Зал іші шаттыққа толып, балалардың сыңғырлаған күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің көркін аша түсті.
Тәрбиеленушілер аналар мен әжелерге арналған жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Әсіресе, балалардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстау сәті ерекше әсерлі болды. Бұл сәттер аналар мен әжелерге зор қуаныш сыйлап, мерекенің мәнін арттыра түсті.
Мереке барысында балалар түрлі ойындарға қатысып, би билеп, ән шырқап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мерекелік іс-шара өте әсерлі, көңілді әрі есте қаларлықтай өтті.
«Балдәурен» мектепалды тобы барлық аналар мен әжелерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Көктемнің әр күні сіздерге қуаныш пен шаттық сыйласын! 🌸💐