"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балапан» мектепалды тобында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік өткізілді. Бұл мереке көктемнің алғашқы шуақты күндерімен қатар келген ерекше қуанышты күн болды.

08.03.2026

Балалар мерекеге үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Олар тақпақтар жаттап, ән айтып, би билеп, аналары мен әжелеріне арнап сыйлықтар жасады. Мереке барысында тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, көңілді ойындарға қатысты.

Балалардың орындауындағы әндер мен билер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әсіресе, аналарына арналған жылы лебіздер мен шын жүректен айтылған құттықтаулар мерекенің көркін аша түсті.

Мереке соңында балалар аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады. Бұл сәт барша қатысушылар үшін өте әсерлі болды.

8 наурыз мерекесі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Барлық аналар мен әжелерді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, бақыт және көктемгі көңіл күй тілейміз! 🌸

 
 
 
Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст