"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көбелек» орта тобында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн жылулыққа, қуанышқа және жақсы көңіл күйге толы ерекше мереке болды.

08.03.2026

Балалар мерекеге үлкен дайындықпен келді: өлеңдер жаттап, ән айтып, би билеп, аналары мен әжелеріне арнап сыйлықтар дайындады. Әсем безендірілген залда балалар ең қымбат жандарын шын жүректен құттықтады.

Тәрбиеленушілер тақпақтарын айтып, көңілді әндер орындап, билер билеп, қызықты ойындарға қатысты. Мереке өте әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті. Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.

8 наурыз мерекесі «Көбелек» тобында мейірім мен сүйіспеншілікке толы атмосферада өтті. Мұндай іс-шаралар балаларды үлкендерді құрметтеуге, қамқорлық пен мейірімділік танытуға тәрбиелейді.

Барлық аналар мен әжелерді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, көктемгі көңіл күй тілейміз! 🌷

 
 
Просмотров: 31


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст