"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көбелек» топтарында « Судың қасиеттері» тақырыбында ашық эксперимент: өткізілді.

24.02.2026

«Көбелек» топтарында « Судың қасиеттері» тақырыбында ашық эксперимент: өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты — балаларды судың негізгі қасиеттерімен таныстыру және тәжірибелік жұмыстар арқылы олардың танымдық белсенділігін дамыту.

Сабақ барысында балалар судың өз пішіні жоқ, мөлдір, сұйық, дәмсіз және иіссіз екенін білді. Түрлі ыдыстар мен заттарды пайдалана отырып, балалар сумен тәжірибе жасап, оның қасиеттерін бақылады, нәтижелерді талдап, қорытынды жасауға үйренді.

Сабақта суға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеуге және топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қызығушылық танытты, ұқыптылық пен ынтымақтастық көрсетті.

📌 Сабақтың міндеттері:

  • Балаларды судың негізгі қасиеттерімен таныстыру;
  • Эксперимент арқылы танымдық белсенділікті дамыту;
  • Ыдыс және сұйықтармен жұмыс жасау дағдыларын бекіту;
  • Нәтижелерді талдау және қорытынды жасау қабілетін дамыту;
  • Суға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу;
  • Топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Просмотров: 6

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст