6 ақпанда «Балапан» тобында Happy English үйірмесінің ашық сабағы өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – «Тамақ» тақырыбындағы лексиканы бекіту, ойын арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.
06.02.2026
Сабақ барысында балалар белсенді қатысты:
Hello Song әніне қозғалып, биледі;
Ойын доптары арқылы Food тақырыбындағы сөздерді қайталады;
Five fingers саусақ ойынын ойнады;
Find and color it интерактивті тапсырмасын орындады;
Do you like…? ойынында ауызша сөйлеу дағдыларын жаттықтырды;
«Көңіл-күй алмасы» арқылы сабақ қорытындысын шығарды.
Сабақ достық, ойын түрінде өтті. Балалар қызығушылық танытып, жаңа сөздерді сөйлеуде сенімді қолданды.