Текст
01.03.2026
Челлендждің негізгі мақсаты — балалардың бойында мейірімділік, ризашылық, алғыс айту сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Жания өз сөзінде ата-анасына, тәрбиешілеріне және достарына алғысын білдіріп, жүрекжарды жылы лебіздерін жеткізді.
Осындай іс-шаралар балаларды кішіпейілділікке, бір-біріне құрметпен қарауға және жақсылық жасауға тәрбиелейді.
"Барлығына рахмет" челленджі балалардың жүрегіне жылулық сыйлап, айналасына деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.