Біздің бөбекжайымызда «Көбелек» тобында «Менің әкем – аспаз» атты шеберлік сабағы өтті. Балаларға ата-аналарымен бірге үйде тағам дайындап, процесті қысқа видеоға түсіру ұсынылды. Бұл балаларға өздерін кішкентай аспаз ретінде сезінуге және ата-аналарымен бірге жұмыс жасауды үйренуге мүмкіндік берді.
Белсенді қатысушы – Қанат Аиша. Ол әкесімен бірге үйде тағам дайындау процесін видеоға түсірді. Бұл балаларға тазалық пен қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетуге және бірге жұмыс жасаудан ләззат алуға мүмкіндік берді.
Үйде дайындалған видео балалар мен тәрбиешілердің қызығушылығын оятты. Мұндай іс-шаралар ата-аналардың еңбегіне құрмет сезімін қалыптастырып, балалардың ынтымақтастық пен өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.