Текст
18.02.2026
Біздің «Балауса» тобында «Менің әкем – аспазшы» атты қызықты шеберлік сабағы өткізілді. Балалар үйде ата-аналарымен бірге тағам дайындап, процесті қысқа видеоға түсірді. Бұл балаларға өздерін кішкентай аспаз ретінде сезінуге және ата-аналарымен бірге жұмыс жасауды үйренуге мүмкіндік берді.
Шараға Мұрат Әліби белсенді қатысты. Оның әкесі балаларға қарапайым тағам дайындау тәсілдерін көрсетіп, өзінің мамандығын таныстырды, сондай-ақ тазалық пен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Балалар қызығушылықпен қатысып, өздері де тағам дайындауға қол жеткізді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жаңа білім мен жағымды эмоциялар сыйлады. Мұндай шаралар ата-ананың еңбегіне құрмет сезімін оятады және балалардың дамуына үлес қосады.