18.02.2026
Біздің балабақшада әкелер арасында шеберлік сабағы өтті. Родителям балалармен бірге үйде тағам дайындап, осы процессті қысқа видеоға түсіру ұсынылды. Бұл балаларға өздерін кішкентай аспаз ретінде сезінуге және ата-аналарымен бірге жұмыс жасауды үйренуге мүмкіндік берді.
Шараға «Құлыншақ» ересек тобының тәрбиеленушісі Разинкина Агатаның әкесі белсенді қатысты. Ол өзінің аспаздық мамандығын таныстырып, балаларға қызықты шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағы барысында әкесі қарапайым тағам дайындау тәсілдерін көрсетіп, ас әзірлеу кезінде тазалық пен қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Балалар қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, өздері де белсенділік танытты.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жақсы әсер қалдырды. Мұндай шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ата-аналардың еңбегіне деген құрметін арттырады.