15.12.2025
«Қарлығаш» тобында «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Магниттік жарыс» тақырыбында танымдық-тәжірибелік іс-әрекет өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты — балаларға магнит туралы түсінік қалыптастыру және оның қасиеттерін ойын барысында қолдана білуге үйрету болды.
Іс-әрекет барысында балалар магниттің қасиеттерімен танысып, тәжірибе жасап, бақылау жүргізді. Олар ойын арқылы магниттің мүмкіндіктерін зерттеп, өз қиялдарын жүзеге асырып, танымдық әрекетке белсенді қатысты.
Сабақта балалардың зерттеушілік қабілеттеріне ерекше көңіл бөлінді. Тәрбиешінің бағыт-бағдар беруімен балалар өз бетінше тәжірибе жасап, түрлі шешімдер табуға тырысты.
Сонымен қатар, балалар өз жетістіктеріне ғана емес, достарының жетістіктеріне де қуана білуді үйренді, бұл олардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастырады.
Ойындар мен жаттығулар барысында жалпы сезімталдық арқылы ұсақ моторикасын дамыту жалғастырылды, бұл балалардың жан-жақты дамуына оң әсер етеді.
Сабақ қызықты, мазмұнды өтіп, балаларға жағымды әсер қалдырды.