26.01.2026
«Балауса» тобында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда тілдерді үйренудің маңызы кеңінен талқыланды.
Жиналыстың тақырыбы:
«Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда тілдерді үйренудің рөлі»
Іс-шараның негізгі мақсаты — ата-аналарға мектепке дейінгі кезеңде тіл дамытудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ баланың ойлау қабілетіне, қарым-қатынасына және жалпы дамуына тигізетін әсері туралы жан-жақты ақпарат беру болды.
Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың тілдік дамуының ерекшеліктері таныстырылып, үй жағдайында тіл дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Кездесу қызықты әрі мазмұнды тренингтермен жалғасын тапты:
• «Амандасу / Қайталап жаса» тренингі — ата-аналар арасында жылы қарым-қатынас орнатуға бағытталды 💃🏼
• «Суретті жалғастыр» арт-терапиясы — шығармашылық қабілетті дамытуға ықпал етті 🎨
• «Балабақша ережесін сақтау» — тәртіп пен жауапкершілік мәселелері қарастырылды 📌
• Сұрақ-жауап айдары — ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды ⏳
Сонымен қатар, жиналыста маңызды мәселелер де қамтылды. Ата-аналарға ваучерлік жүйе туралы толық ақпарат беріліп, оның ерекшеліктері түсіндірілді 📱
Кездесу соңында ата-аналар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, жылы атмосферада аяқталды 💌
«Балауса» тобының тәрбиешісі:
Шайкенова А.