Текст
05.02.2026
«Құлыншақ» ересек тобы, оқуды насихаттау және балалар арасында кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында, ерекше челлендж ұйымдастырды – «Шын жүректен кітап сыйла».
Балалар өздерінің сүйікті кітаптарын достарымен бөлісті, бір-біріне оқу процесінде қажетті әдебиеттер сыйлады. Ата-аналар да белсенді қатысып, балаларға қолдау көрсетті. Осындай шаралар балалардың коммуникативтік дағдыларын, өзара сыйластық сезімін дамытуға және оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Челлендж соңында балалар әрқайсысы алған кітаптарын қызығушылықпен қарап, оқуға ынталы болды. Бұл іс-шара мектепалды топта оқу мен шығармашылықты қолдаудың тамаша үлгісі болды.