Текст
27.11.2025
«Адал азамат» жоспарын жүзеге асыру аясында «Қарлығаш» тобында «Су – тіршілік көзі» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — балаларға судың тіршілік үшін аса маңызды екенін түсіндіру, оның қасиеттері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақ барысында балалар судың қасиеттерімен танысты: оның сұйық күйі, қатуы (мұзға айналуы) және қайтадан еруі. Қарапайым тәжірибелер арқылы тәрбиеленушілер бақылау жасап, өз қорытындыларын айтуға үйренді. Сонымен қатар, суға ұқыпты қарау, оны үнемдеу қажеттігі туралы түсінік берілді.
Міндеттері:
Іс-шара танымдық әрі қызықты өтті, балалар белсенді қатысып, жаңа білім алды.