"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ортаңғы топта «Ойыншықтар – антиойыншықтар» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысты тәрбиеші Жарылғасынова Айгерім Мағзамқызы өткізді.

26.01.2026

Жиналыстың мақсаты — ата-аналарға балалардың дамуына пайдалы ойыншықтарды дұрыс таңдай білуге көмектесу, сондай-ақ зиян келтіруі мүмкін ойыншықтар туралы түсінік беру.

Іс-шара барысында ата-аналар «ойыншық» және «антиойыншық» ұғымдарымен танысты. Ойыншықтардың баланың ой-өрісіне, мінез-құлқына және дамуына тигізетін әсері туралы маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне сай келмейтін ойыншықтарға ерекше назар аударылды.

Міндеттері:

  • ата-аналарды «ойыншық» және «антиойыншық» ұғымдарымен таныстыру;
  • ойыншықтардың бала дамуына және мінез-құлқына әсерін көрсету;
  • жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін ойыншықтарға назар аударту;
  • балаларға пайдалы, дамытушы ойыншықтарды таңдауға үйрету;
  • балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер алды. Іс-шара өзара түсіністік пен ынтымақтастық атмосферасында өтті.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст