"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал азамат" бағдарламасын іске асыру аясында «Құлыншақ» ересек тобында «Орман тұрғындары көмек сұрайды» тақырыбында қызықты ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.

02.02.2026

"Адал азамат" бағдарламасын іске асыру аясында «Құлыншақ» ересек тобында «Орман тұрғындары көмек сұрайды» тақырыбында қызықты ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, орман жануарларының бейнелері арқылы табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақ барысында тәрбиеленушілер орман тұрғындары туралы білімдерін бекітіп, олардың тіршілік ету ортасымен танысты. Балалар табиғатта өзін дұрыс ұстау ережелерін үйреніп, табиғатқа зиян келтіретін және пайдалы әрекеттерді ажырата білді. Әртүрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығы артып, белсенділігі байқалды.

Міндеттері:

  • орман тұрғындары және олардың тіршілік ету ортасы туралы білімдерін бекіту;
  • орманда өзін ұстау ережелері туралы түсінік қалыптастыру;
  • табиғатқа қатысты жақсы және жаман әрекеттерді ажыратуға үйрету.

Іс-шара танымдық әрі әсерлі өтіп, балалар табиғатты қорғау қажеттігін түсіне білді.

Просмотров: 57

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст