"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурызнама аясында: 17 наурыз – Шаңырақ күні «Құлыншақ» ересек тобында аталып өтті

17.03.2026

"Наурызнама" онкүндігіне сәйкес, 17 наурыз — Шаңырақ күні болып белгіленді. Осыған орай «Құлыншақ» ересек тобында ата-аналармен бірлескен тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақ мәдениетінде шаңырақтың орны ерекше. Шаңырақ — көк аспан, шаңырақ — үй-жай, шаңырақ — отбасы мен тірек, шаңырақ — бақуаттылық пен қауіпсіздік, ұрпақтар сабақтастығының белгісі. Ол — ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық әрі рухани мұра.

Іс-шара барысында балалар ата-аналарымен бірге отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық дәстүрлер туралы мағлұмат алды. Түрлі ойындар, әңгімелер және шығармашылық тапсырмалар арқылы бүлдіршіндер отбасының маңызын түсініп, бірлік пен сыйластықтың мәнін ұғынды.

Бұл күн отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриотизмді, адамгершілікті және еңбекқорлықты қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.

Просмотров: 627

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст