Текст
20.12.2025
«Ботақан» ортаңғы тобында балалардың ата-аналарымен бірлесіп жасаған жаңа жылдық қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жұмыс балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Балалар ата-аналарымен бірге түрлі материалдарды қолданып, жаңа жылдық әдемі бұйымдар жасады. Көрмеде шыршалар, аққалалар, қар ұшқындары және басқа да мерекелік жұмыстар қойылды. Әрбір жұмыс балалар мен ата-аналардың еңбегі мен сүйіспеншілігін көрсетті.
Көрме барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлескен шығармашылықтың маңызын көрсетті. Бұл шара жаңа жылдық мерекелердің жарқын бөлігіне айналды.