25.12.2025
«Балауса» ересек тобында «Хан сарайындағы жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Жаңа жыл – шаттық пен қуанышқа толы мереке. Келе жатқан 2026 жыл баршаға бақыт, зор денсаулық, жақсылық пен табыс әкелсін! Балалардың күлкісі ешқашан сөнбесін, әр шаңыраққа ырыс пен береке толсын! Жаңа жыл құтты болсын! ✨
Мереке барысында балалар тақпақ айтып, ән шырқап, Аяз ата мен Ақшақармен бірге ойындарға қатысып, көңілді кеш өткізді. Шырша маңындағы әсем безендірілген залда жаңа жылдық көңіл күй орнап, әр бала сыйлық алып, ертегідей атмосферада уақыт өткізді. Бұл күн балалардың есінде әрқашан қалады.
Мереке балалардың шығармашылығын дамытып, олардың қуанышқа толы сәттерін еске түсіретін ерекше шара болды.
Тәрбиеші: Шайкенова Айдынгул
Музыкалық жетекші: Искакова Альбина Талгатовна