Текст
25.12.2025
«Айналайын» мектепалды тобына жылдың ең керемет мерекесі — Жаңа жыл келді. Балалар мерекені ән айтып, би билеп және ойындар ойнап қарсы алды. Залда мерекелік көңіл-күй орнап, шырша әдемі безендіріліп, гирляндалар жарқырап тұрды.
Балалар өлең айтып, ән шырқап, би билеп, белсенді қатысып, бірге қуанып жүрді. Мереке барысында балалардың достығы мен мейірімділігі, бірге қуана білуі ерекше дамытылды. Тәрбиеші мен музыкалық жетекші балаларға ұмытылмас мерекелік көңіл-күй сыйлап, мерекені ұйымдастырып өтті.
Мереке көңілді, ұйымдасқан түрде өтті және балаларға көптеген жақсы әсер қалдырды.
Тәрбиеші: Дулатова Жанна Шыныбековна
Музыкалық жетекші: Искакова Альбина Талгатовна