Текст
19.12.2025
«Балауса» тобының балаларымен ұйымдастырылған жаңа жылдық қолөнер көрмесі өтті. Тәрбиеші Шайкенова Айдынгул ұйымдастырған бұл іс-шарада балалар жаңа жылдық безендірулерін жасап, шығармашылықтарын көрсетті.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жаңа жылдық қолөнер жасауда әртүрлі техникаларды үйрету.
Балаларға шығармашылық жұмыстар арқылы мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Мерекелік көңіл-күй мен жаңа жылдық атмосфераны жасау.
Көрмеге шырша ойыншықтары, қар ұшқындары, гирляндалар және басқа да жаңа жылдық безендірулер қойылды. Әрбір жұмыс өзіне тән ерекше стилімен ерекшеленіп, балалардың жаңашыл көзқарасын көрсетті.
Көрме балалар үшін үлкен қуаныш сыйлап, шығармашылық жұмыстарын ұжымда таныстыруға мүмкіндік берді.