04.11.2025
«БОТАҚАН» тобына «Адал Азамат» бағдарламасы аясында конструктордан робот жасау сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты — балаларға конструкторды пайдаланып, робот моделін құрастыру арқылы құрылыс дағдыларын қалыптастыру.
Балаларға конструкторды қолдана отырып, модельдер құрастыруды үйрету.
Логикалық және кеңістіктік ойлауды, қиялды және шығармашылық бастаманы дамыту.
Балаларды өз әрекеттерін жоспарлауға және алдын ала ойластырылған жоспары бойынша жұмыс істеуге үйрету.
Әрекеттерді үйлестіру және топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында балалар конструктораның түрлі элементтерін қолданып, роботтарды құрастырып шықты. Балалар топ болып жұмыс істей отырып, идеяларымен бөлісіп, әрекеттерін бірлесе жоспарлады. Сабақ логикалық ойлауды дамытып қана қоймай, балалардың арасында өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтты.
«Адал Азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл сабақ балаларға техникалық және шығармашылық дағдыларын дамытып, өз-өздеріне сенімді болуға көмектеседі.