"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көбелек» орта тобында мамандықтар дефиле-көрсетілімі

25.09.2025

«Көбелек» орта тобында танымдық әрі қызықты іс-шара — мамандықтар костюмдерінің дефиле-көрсетілімі өтті. Мақсаты — балаларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, еңбекке деген қызығушылығын арттыру және түрлі кәсіп иелеріне құрмет сезімін қалыптастыру.

Орта тобының балалары дәрігер, аспаз, құрылысшы, полицей, өрт сөндіруші, мұғалім сынды мамандар бейнесінде сахнаға шығып, өз костюмдерін көрсетті. Әрқайсысы таңдаған мамандығы туралы қысқаша айтып берді.

Шара өте жылы әрі шаттықты атмосферада өтті. Балалар белсенді қатысты, ал ата-аналар мен тәрбиешілер балаларға қолдау білдіріп, қошемет көрсетті. Мұндай іс-шаралар баланың ой-өрісін кеңейтіп, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст