Текст
24.09.2025
«Ботақан» тобының балалары ерекше шығармашылық тапсырма орындады — салфеткалардан көлемді қолшатыр жасады.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын, пішін мен түсті қабылдауын дамыту.
Міндеттері:
- Балаларды мыжылған немесе шиыршықталған салфетка арқылы қолшатыр жасауға үйрету;
- Қағаз және желіммен жұмыс істеу дағдыларын бекіту;
- Ұқыптылықты, шыдамдылықты және кеңістіктік қиялды дамыту;
- Шығармашылыққа қызығушылық пен дербестікті тәрбиелеу.
Балалар бұл тапсырманы қуанышпен орындап, әрқайсысы өзіне тән ерекше қолшатыр жасады. Сабақ жылы әрі шығармашылық атмосферада өтті.
Тәрбиеші: Самошкина Александра Александровна