Текст
«Ботақан» тобының балалары ағылшын тілі сабағында ауа райына қатысты sunny, rainy сөздерін қызықты ойын арқылы қайталады.
💡 Сабақтағы басты ойын — “Spinning Umbrella” (Айналмалы қолшатыр). Мұғалім қолшатырды айналдырып, “What’s the weather?” деп сұрайды. Қолшатыр тоқтағанда, карточка түседі, ал балалар онда бейнеленген ауа райын ағылшынша атайды.
🎯 Бұл ойын:
- зейінділік пен шапшаң әрекет ету қабілетін дамытады;
- жаңа сөздерді жеңіл әрі тез меңгеруге көмектеседі;
- еркін сөйлеуге ынталандырып, достық әрі көңілді атмосфера қалыптастырады.
Балалар белсенді қатысып, ағылшын тілінде еркін жауап беріп, қуана ойнады.
Қосымша білім беру педагогі:
Лизогубова Татьяна Денисовна 👩🏫