Текст
22.09.2025
Бүгін «Балақай» кіші тобында ерекше шығармашылық сабақ өтті. Балалар трафарет арқылы мысықтың бейнесін салды. Әр баланың мысығы өзіне тән: біреуі ашық, біреуі нәзік, ал кейбіреуі тіпті бұзық мінезді болып шықты.
Сабақтың мақсаты: балалардың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілетін және қиялын дамыту.
Міндеттері:
- трафаретпен ұқыпты жұмыс істеуді үйрету,
- сурет салуға деген қызығушылықты ояту,
- зейін мен шыдамдылықты дамыту,
- өз жұмысына қуану сезімін қалыптастыру.
Сабақ өте қызықты әрі әсерлі өтті. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен өз жұмыстарын аяқтады.
Тәрбиешілер:
Аманбек Айжан Асқарқызы
Кузьменко Мария Константиновна