Текст
23.09.2025
«Балақай» кіші тобында ұсақ моториканы, зейінді және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған қызықты сабақ өтті.
Сабақ барысында балалар геометриялық пішіндерді ажыратуды, сәйкес пішіндерді табуды үйреніп, алған білімдерін бекітті.
Мұндай жұмыс балаларға:
- қимыл-қозғалыс координациясын дамытуға,
- тапсырмаға зейін қоюға,
- қоршаған ортамен танысуға,
- салыстыру және талдау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Сабақ тартымды және пайдалы өтті, балаларға жақсы көңіл-күй мен жаңа дүниелерге деген қызығушылық сыйлады.