Текст
21.09.2025
«Балақай» кіші тобының балалары мақтадан аппликация жасаумен шұғылданды. Мақтадан аппликация жасау — ерекше және жұмсақ сурет құрудың тамаша тәсілі. Мақтаны пайдалану балалардың ұсақ моторикасы мен тактильдік сезімдерін дамытады. Сонымен қатар, мақтаны бояуға да болады, бұл шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Жұмыстың мақсаты: балаларды мақта мен желіммен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру.
Міндеттері:
- Балаларға мақтадан дәстүрден тыс аппликация жасау дағдыларын қалыптастыру;
- Желіммен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиешілер: Кузьменко Мария Константиновна және Аманбек Айжан Асқарқызы.