"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің үйім – менің қамалым» «Балауса» тобының танымдық-шығармашылық оқу қызметі

15.09.2025

«Менің үйім» тақырыбында өткізілген оқу қызметі балалар үшін өте қызықты әрі танымдық сипатта өтті. Шараның негізгі мақсаты – балалардың кеңістік, пішіндер және түстер туралы білімдерін кеңейте отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.  

Балалар түрлі материалдарды пайдаланып, өз қолдарымен үй макеттерін құрастырып, бір-бірінен ерекше жұмыстар жасады. Бұл тапсырма оларды ұқыптылыққа, зейінділікке және шығармашылық ойлауға баулыды. Сонымен қатар балалар пішіндерді салыстырып, үйлерінің қандай екенін сипаттап, өз ойларын еркін жеткізе білді.

Аталған іс-шара балалардың ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, өз жұмысына деген мақтаныш сезімін оятты. Олардың көзіндегі қуаныш пен қызығушылық – тәрбиешінің дұрыс бағыттағы еңбегінің нәтижесі.  

Мұндай шығармашылық сабақтар балалардың эстетикалық сезімін оятып, олардың дүниетанымын кеңейтуде үлкен рөл атқарады.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст