Текст
14.09.2025
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында және Отбасы күніне орай «Нұрай» бөбекжайы «Отбасы — тәрбиенің алтын бесігі!» атты челленджді ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және үлгілі отбасыларды көпшілікке үлгі ету.
Челленджді «Құлыншақ» ересек тобының тәрбиеленушісі Казюка София өз отбасымен жалғастырды. Отбасы мүшелері бірлесе отырып, ұйымшылдық пен сүйіспеншілікті паш етті.