Текст
14.12.2025
Тәуелсіздік күніне орай «Көбелек» ортаңғы тобында «Менің Туым – Менің Мақтанышым» атты патриоттық челендж ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Балалар Қазақстан Республикасының Туын қолдан жасап, оны мақтанышпен таныстырып, өлең жолдарын айтып, ән шырқады. Челендж барысында бүлдіршіндер өз Отаны туралы әсерлі пікірлер білдіріп, патриоттық сезімдерін көрсете білді.
Мұндай іс-шаралар баланың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.