14.12.2025
Тәуелсіздік күні қарсаңында "Құлышақ» тобы тәрбиешілері Жұлдыз Ермековна мен Әсел Қазбековнаның ұйымдастыруымен «Менің Туым – Менің Мақтанышым!» атты патриоттық челлендж өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – балалардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Челлендж барысында тәрбиеленушілер өз қолдарымен Қазақстан Республикасының туын бейнелейтін аппликациялар жасап, өз жұмыстарын мақтанышпен ұсынды. Әр бала өзінің жұмысын таныстырып, Ту туралы шағын тақпақ немесе тілектер айтты.
Мұндай іс-шаралар балалардың азаматтық сезімін тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулиды. Сонымен қатар, ата-аналар да белсенді қатысып, балаларының шығармашылығын қолдады.