Текст
15.12.2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Айналайын» мектепалды тобында «Мен – өз елімнің патриотымын!» атты тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты – балаларға еліміздің тарихы мен Тәуелсіздік ұғымының маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Балалар мемлекеттік рәміздерді танып, өлеңдер оқып, әндер айтып, Қазақстан жайлы өз ойларымен бөлісті. Ұлттық ойындар ойналып, балалардың бойында ұлтжандылық сезімі ұялады.
Тәрбиеші:Дулатова Жанна Шыныбековна