Текст
15.12.2025
«Балақай» кіші тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған танымдық мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар мерекелік ән тыңдап, көк ту, елтаңба бейнеленген суреттермен танысты.
Мақсаты – балаларға Отан, туған ел туралы алғашқы түсінік беру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту, Қазақстан туралы мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Іс-шара жылы атмосферада өтті, балалар белсенді қатысып, қуанышты көңіл күйде болды.
Тәрбиеші: Кузьменко Мария Константиновна