Текст
15.12.2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Көбелек» ортаңғы тобында патриоттық тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін өлең, ән, би арқылы жеткізді.
Іс-шара барысында балалар мемлекеттік рәміздермен танысып, Қазақстанның байтақ табиғаты мен мәдениеті жайлы әңгімелесті. Шара соңында балалар «Қазақстан – менің туған елім!» тақырыбында өлең оқып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы түсінік беру, мемлекеттік мерекелерді құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Жарылғасынова Айгерим Мәғзәмқызы