Текст
01.09.2025
Ортаңғы «Көбелек» тобында Білім күніне арналған көңілді әрі танымдық іс-шара өтті. Мерекелік көңіл-күй, балалардың шат күлкісі мен қызықты тапсырмалар жаңа оқу жылына ерекше серпін берді.
Балалар ойындарға, би билеуге және шығармашылық тапсырмаларға белсене қатысып, достықты, зейін мен қызығушылықты дамытуға бағытталған әрекеттерді орындады. Іс-шара балаларға қуаныш сыйлап, алдағы оқу үдерісіне жақсы бастама болды.
Мерекені дайындап, жоғары деңгейде өткізген — тәрбиеші Жарылғасынова Айгерим Магзамовна. Ол бұл күнді балалар үшін ерекше әрі есте қаларлық ете алды.
Білім күні құтты болсын! 💐