Текст
«Балауса» ересек тобында «Қайшыны дұрыс ұстау» тақырыбында жаттығу сабағы өткізілді. Мақсаты – балалардың ұсақ моторикасын жетілдіру, қайшымен қауіпсіз жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында тәрбиеші Шайкенова Айдынгүл балаларға қайшыны дұрыс ұстау ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын еске салды. Балалар түрлі пішіндерді қиып, өз қолдарымен әдемі жұмыстар жасап шықты.
Мұндай жаттығулар балалардың қол-саусақ қимылдарын дамытып қана қоймай, зейінін шоғырландыруға және көзбен-қол үйлесімділігін нығайтуға ықпал етеді.
Бұл бейнежазбаны келесі сілтеме арқылы көре аласыз:
https://www.instagram.com/p/DNXqkzGoo-7ZM9XNNrJLe0u_lC6roxEs9-pqOo0/
Көңілді тамашалау тілейміз!