Текст
Ортаңғы «Көбелек» тобында «Менің отбасым» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Мақсаты – балаларға отбасы туралы түсінік беру, туыстық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші Жарылгасынова Айгерим Магзамовна балалармен бірге «Менің отбасым» атты саусақ жаттығуын өткізіп, ойын арқылы отбасы мүшелерін есте сақтауға көмектесті.
Сондай-ақ балалар «Сыйлық» атты аппликация жасап, ата-аналарына деген сүйіспеншілігін шығармашылық жұмыс арқылы білдірді.