Текст
Ортаңғы топ балалары үшін өткізілген «Кедергілерден өту» тақырыбындағы дене шынықтыру жаттығуы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға бағытталды.
Сабақ барысында балалар әртүрлі кедергілерден өтіп, тепе-теңдікті сақтауды, секіруді, еңбектеуді, шеңберлерден өтуді, жолақтармен жүруді үйренді.
Бұл жаттығу балалардың кеңістікте бағдарлану қабілетін жетілдіріп қана қоймай, спортқа деген қызығушылығын арттырып, шыдамдылық пен ерік-жігерді қалыптастыруға септігін тигізді.
Тәрбиеші: Шайкенова Айдынгүл