Текст
Мектепалды «Балапан» тобында «Тірі табиғат күні» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Балалар «Сиқырлы алаңқай» атты ұжымдық аппликацияға қатысып, түрлі-түсті қағаздар мен қиялдарын пайдалана отырып, гүлдерге толы әсем шабындық жасады.
Мақсаты:
– қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту,
– ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,
– аппликация жасау шеберлігін нығайту,
– шығармашылық ойлау мен эстетикалық талғамын дамыту.
Балалардың бірлескен еңбегі оларды жақындастырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Тәрбиеші: Бейсенбаева Д.С.