Текст
«Құлыншақ» тобында «Kinderboom» үйірмесінде балалар қимыл үйлесімділігі мен қолдардың бір уақытта жұмыс істеу қабілетін дамытатын тапсырма орындады.
Балалар әртүрлі түсті шарларды екі қолымен бір мезгілде басқа ыдыстарға салып, оң және сол жақ қолдың қимылын үйлестірді. Бұл ми жартышарларының белсенді жұмысын талап етеді.
Мақсаты:
- ми жартышарларының өзара әрекетін дамыту,
- көз бен қол қимылының үйлесімділігін жетілдіру,
- жазуға және оқуға дайындықты нығайту.
Упражнение балалардың:
- назарын, төзімділігін,
- ұсақ моторикасын,
- икемділік пен сенімділігін дамытады.
Қосымша білім беру педагогы — Лизогубова Татьяна Денисовна