"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Әр пішін – өз үйінде!»

28.07.2025

«Ойнап үйренеміз» — бұл мектепке дейінгі балаларға арналған үйірме, мақсаты – танымдық қабілеттерді ойын арқылы дамыту. Бала өзі байқамай-ақ үйренеді: ойнап, сынап, тәжірибе жасап көреді.

Сабаққа мектепалды «Балдаурен» тобы қатысты. Балалар қызығушылықпен ойынға араласып, пішіндерді тануда жақсы нәтиже көрсетті.

«Әр пішін – өз үйінде!» атты дамытушы ойында балалар геометриялық пішіндерге өз «үйшіктерін» табуға көмектесті. Бір ыдыста аралас жатқан шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыштарды тауып, тиісті қораптарға салды.

Мақсат: шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш секілді геометриялық пішіндер туралы білімді қайталау және бекіту.

Бұл ойын балалардың зейінін, логикалық ойлауын, ұсақ моторикасын, жіктеу қабілетін дамытып, өз бетінше және ұқыпты жұмыс істеуге баулиды.

Қосымша білім беру педагогы:  
Лизогубова Татьяна Денисовна

Просмотров: 98

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст