Текст
«Балақай» ортаңғы тобының ата-аналар жиналысы
«Балақай» ортаңғы тобында «Ата-аналармен танысу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – тәрбиешілер мен ата-аналар арасында оң қарым-қатынас орнату және жылы, сенімді атмосфера қалыптастыру болды.
Күн тәртібінде:
1. Жиналыс тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.
2. Директор Кокурова Г.А.-ның сөзі.
3. Ата-аналармен ойын арқылы танысу – «Таныс болайық».
4. Балалардың балабақшаға бейімделу мәселесі.
5. Ата-аналарға бейімделу бойынша кеңестер.
6. Ата-аналар комитетін сайлау.
Педагог-психолог Ибраева Наталья Николаевна ата-аналар тобын біріктіру және таныстыруға арналған жаттығулар жүргізді, бұл топта жылы және қолдау атмосферасын қалыптастыруға септігін тигізді.