Жыл сайын 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Астанасы күні мерекеленеді. Бұл күн еліміздің жүрегі, саясат пен мәдениеттің орталығы — елордамыз Астана қаласының тарихы мен жетістіктерін еске алуға арналған маңызды мереке.
Астана — еліміздің тәуелсіздігінің символы, дамудың, бірліктің және болашаққа деген сенімнің белгісі. Қала өзінің заманауи сәулетімен, инновациялық жобаларымен және мәдени шараларымен әлемге танылды. Байтерек, Хан Шатыр, Назарбаев Университеті секілді нысандар елордамыздың көркін арттырады.
Бұл мереке – елдің бірлігін нығайтып, азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын ерекше күн. Астана күніне орай түрлі мәдени және спорттық шаралар, концерттер мен фестивальдер ұйымдастырылады.
Барша қазақстандықтарды Астана күнімен шын жүректен құттықтап, еліміздің гүлденуі мен бейбіт өмір тілейміз!
Тәрбиеші: Камалова Амина Ханифовна