Текст
«Балауса» ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Жаз да келді көңілді» атты іс-шара өтті. Балалар жаз мезгілінің ерекшеліктерімен танысып, табиғаттағы өзгерістерді бақылау арқылы қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шара барысында балалар жаз туралы тақпақтар айтып, көңілді әндер шырқады, қимылды ойындар ойнап, достық пен бірлік атмосферасында тамаша уақыт өткізді. Олар күннің шуақты, табиғаттың құлпырып тұрған әсемдігін сезініп, жаздың сұлулығын сурет салу мен қолөнер арқылы жеткізді.
Мақсаты – балалардың жаз туралы түсінігін кеңейтіп, табиғатты сүюге, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Бұл іс-шара балалардың танымдық белсенділігін арттырып, жағымды көңіл-күй сыйлад